(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

98-бап. Инкассолық өкім

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Инкассолық өкім атқарушылық құжатты, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты құжатты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқарушылық құжат негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқарушылық құжаттың жеке сот орындаушысының не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының мөрімен куәландырылған көшірмелері қоса тіркеліп беріледі.

Инкассолық өкімде көрсетілген сома «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.

Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтары көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі.

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотына шығаруға жол берілмейді.

Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады.

Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер көрсету, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Инкассолық өкімдерді орындау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.

Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс.

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына қайта айырбасталған ұлттық валютадағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шотқа қайта айырбасталған шетел валютасындағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.

Ұлттық немесе шетел валютасындағы пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақша көрсетілген мерзім өткен соң ақшасы ұлттық немесе шетел валютасына қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы шетел валютасында кейіннен қалпына келтіре отырып айырбасталуға тиіс.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің анықтығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюта түрлері бойынша есепке алынған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.

Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде:

1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген;

2) инкассолық өкімдерді ұсынған;

3) егер мемлекеттік мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі келесі жұмыс күні айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімді жүзеге асырмаған;

4) егер жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзімде қайтармаған;

5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.

2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің төлемдерін жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру:

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармаққа орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;

3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған айырбасталған шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау рәсімі аяқталғанға дейін;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, секвестр көзделіп отырған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатын қысқарту туралы тиісті бюджет комиссиясы ұсыныс шығарған күннен, келесі жұмыс күнінен бастап, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

 

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 100-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру

Инкассолық өкім ұсынылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды және төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұрады.

 

101-бап. Бюджет ақшасын басқару

1. Бюджет ақшасын басқару бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.

2. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

4. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:

бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді.

5. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражаты қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша профициті болып табылады.

Түсуі күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдердің және бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша тапшылығы болып табылады.

6. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қолма-қол ақшаның тапшылығын жабу қарыз алу не түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу есебінен жүзеге асырылады.

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша профициті болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындайды.

Ағымдағы қаржы жылының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмайтын бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша уақытша бос бюджет ақшасы болып табылады.

Уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.

Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттардағы бюджет ақшасын орналастыруға жол берілмейді.

8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

102-бап. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша бойынша атқару

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін өз билігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жыл сайын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың түрлері бойынша өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышы негізінде жасайды.

2. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негізінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

4. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарын мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

5. Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кірістер ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.

6. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу осы Кодекстің 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен жүргізілетін төлемдер мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотындағы нақты қолма-қол ақша шегінде жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы айқындайды.

 

102-1-бап. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

103-бап. Қаржы жылының аяқталуы

1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жазуға және бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.

2. Бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кейін есепке жазылған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі.

3. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсаны аяқталғанға дейінгіні қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы мақсатқа арналған қалдықтар жойылады.

4. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайда болған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын аккредитивтік және өзге де бюджеттен тыс шоттарға аударуға жол берілмейді.

 

104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.

2. Кезекті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.

3. Жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.

2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.

4. Жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджетті түзету арқылы мыналарға:

1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге;

2) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау мен беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, қызмет көрсету мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызмет көрсетуді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға;